Инфляциялық таргеттеу – бұл ортамерзімді перспективада инфляцияның нысаналы көрсеткішін белгілеуге және қол жеткізуге бағытталған ақша-кредит саясатының режімі. Ақша-кредит саясатының мақсаттарын және басымдықтарын нақты белгілеу осы режімнің айрықша белгісі болып табылады, бұл халық пен нарықтың қолайлы күтулерін қалыптастыруға ықпал етеді және олардың орталық банкке деген сенімін арттырады.
Инфляциялық таргеттеу режімі кезінде пайыздық арна маңызды рөл атқарады, ол арқылы орталық банктің пайыздық мөлшерлеме саясаты халықтың тұтынушылық, жинақтау, инвестициялық тәртібіне бұдан әрі ауыса отырып нарықтық мөлшерлемелерге және соңында инфляциялық процестерге әсер етеді. Базалық мөлшерлеме Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып табылады.
Пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша шешімдер қабылдау үшін аралық бағдар ретінде инфляция болжамы пайдаланылады, онда халықтың инфляциялық күтулері ескеріледі. Орталық банк ортамерзімді кезеңде болжамды инфляция нысаналы мәннен асқан жағдайда базалық пайыздық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейін көтеру және керісінше көтермеу туралы шешім қабылдайды.
Қысқамерзімді, әдетте ақша нарығының бір күндік пайыздық мөлшерлемесі операциялық нысаналы көрсеткіш ретінде пайдаланылады.
|