Құрметті пайдаланушылар, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайты
www.gov.kz
мекенжайы бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына өтті.
link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Банк секторы Сақтандыру секторы Бағалы қағаздар нарығы Өзге қаржы ұйымдары Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Пруденциалық реттеу Талдама
link
link
link link
Агенттік жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Мемлекеттік қызметтер
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  
жарияланым күні: 06.01.2020
(doc 62,50 KB)

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту

агенттігінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру тәртібі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Агенттікте жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру рәсімдерін регламенттейді.

2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – жеке қабылдау) Агенттік Төрағасы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесінде (бұдан әрі – Жеке қабылдау кестесі) айқындалған күндері және сағатта жүзеге асырады.

3. Жеке қабылдау кестесі тоқсан сайын тоқсан алдындағы айдың онына дейін жасалады.

4. Агенттік Төрағасының және оның орынбасарларының жеке қабылдау кестесін Агенттік қызметін қамтамасыз ету бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) жасайды, Агенттік Төрағасының орынбасарларымен келісіледі және Агенттік Төрағасына не оның міндеттерін атқаратын адамға бекітуге ұсынылады.

5. Жеке қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың аты-жөні, қабылдау күндері мен сағаты көрсетілген жеке қабылдау кестесі Агенттік ғимараттарында жалпыға көрінетін қолжетімді жерлерде, сондай-ақ Агенттіктің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

6. Жеке қабылдау алдын ала жазылу бойынша жеке қабылдауға өтініш жасаған адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), телефон нөмірін, өтініш беруші өтініш жасаған елді мекенін, өтініш беруші жауап алғысы келетін сұрақтарды көрсете отырып жүзеге асырылады.

7. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу күн сайын, жұмыс күндері жүргізіледі және жеке қабылдауға шақырылатын адамдар тізімін қалыптастырғанға дейін 3 (үш) күн бұрын аяқталады.

8. Жеке қабылдау өтініш берушінің назарына жеткізілген белгіленген күндері және сағатта жүргізіледі. Жеке қабылдауды өткізу күні мен уақыты туралы өтініш берушіге ол көрсеткен телефон нөмірі бойынша телефон байланысы арқылы хабарланады.

Өтініш беруші басқа елді мекеннен өтініш жасаған жағдайда, жеке қабылдауды өткізудің күні мен уақыты туралы жеке қабылдауды өткізу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарланады.

9. Өтініш беруші ол үшін белгіленген уақытта және күні келмеген жағдайда, жеке қабылдауға қайтадан алдын ала жазылу өтініш беруші қайтадан өтініш жасаған жағдайда ғана жүзеге асырылады және Тәртіптің 6-тармағына сәйкес жүргізіледі.

10. Агенттікте жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды уәкілетті бөлімше жүзеге асырады.

11. Мына адамдар:

1) өтініш берушінің қайта жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Агенттік Төрағасы бұрын жеке қабылдаған;

2) өтініш берушінің жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Агенттік Төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын адамның қолы қойылған, Агенттіктің жауабын алған адамдар Агенттік Төрағасының жеке қабылдауына жазыла алмайды.

12. Мына адамдар:

1) өтініш берушінің қайта жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Агенттік Төрағасы, сондай-ақ оның орынбасарлары бұрын жеке қабылдаған;

2) өтініш берушінің жеке қабылдауға өтініш жасау мәні болып табылатын мәселе бойынша Агенттік Төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын адамның қолы қойылған, Агенттіктің жауабын алған адамдар Агенттік Төрағасы орынбасарларының жеке қабылдауына жазыла алмайды.

13. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін ақпарат дайындау қажет болған кезде уәкілетті бөлімше өтініш берушінің жеке қабылдауға өтініш беру мәніне (мәселелеріне) қарай Агенттіктің бөлімшелеріне өтініш берушінің сұрағын (сұрақтарын) жібереді.

14. Агенттік бөлімшелерінің басшылары  материалдарын, хат-хабар алмасуын және өзге де қажетті құжаттарды (бар болса) қоса бере отырып өтініш берушінің сұрақтары бойынша ақпарат (жауаптар) дайындауды жүзеге асырады, ол сұрату алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті бөлімшеге ұсынылады.

15. Уәкілетті бөлімше жеке қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға оны қызықтыратын мәселелерді көрсете отырып өтініш беруші туралы мәліметтерді, сондай-ақ Тәртіптің 14-тармағына сәйкес алынған ақпаратты жеке қабылдауды жүргізу күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

16. Өтініш берушілерді қабылдау Тәртіптің 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын алдын ала жазылу бойынша кезектілік тәртібімен жүргізіледі.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталғандар, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар ол тәртіпке кірмейді, олар кезектен тыс, Жеке қабылдау кестесіне сәйкес қабылданады.

17. Жеке қабылдау өтініш беруші ұсынған, оның жеке басын куәландыратын құжат негізінде, ал өтініш берушінің атынан басқа адамдар өтініш жасаған кезде – өтініш берушінің мүдделерін білдіруге өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат) негізінде жүзеге асырылады.

 18. Тәртіптің 2-тармағына сәйкес жеке қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалар, оның ішінде олардың міндеттерін атқаратын адамдар болмаған жағдайда (іссапар, еңбекке жарамсыздық парағы, демалыс және басқасы), жеке қабылдау күні өтініш берушіге хабарлай отырып басқа күнге ауыстырылуы мүмкін не жеке қабылдауды олардың орынбасарлары жүзеге асыруы мүмкін.

 

  1. Агенттік Төрағасының және оның орынбасарларының жеке қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

 

19. Агенттік Төрағасы және оның орынбасарлары жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес айына бір реттен кем емес жүргізеді.

20. Агенттік Төрағасы:

1) өтініш берушінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы Агенттік Төрағасы орынбасарының, сондай-ақ Агенттік бөлімшелері басшыларының қолы қойылған Агенттіктің жазбаша жауабымен өтініш беруші келіспеген жағдайда;

2) Агенттік бөлімшелері басшыларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдар бойынша;

3) Агенттіктің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізеді.

  21. Агенттік Төрағасының орынбасарлары:

1) өтініш берушінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы Агенттік бөлімшелері басшыларының қолы қойылған Агенттіктің жазбаша жауабымен өтініш беруші келіспеген жағдайда;

2) Агенттік бөлімшелері басшыларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдар бойынша;

3) Агенттіктің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізеді.

22. Жеке қабылдауға Агенттік Төрағасының және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатыса алады (жеке қабылдау кезінде қарастырылатын мәселелердің мазмұнына қарай). Шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды жеке қабылдау кезінде қажет болған жағдайда аудармашы қатыса алады.

23. Агенттік Төрағасы және оның орынбасарлары жеке қабылдау жүргізген күні уәкілетті бөлімше Агенттіктің әкімшілік ғимаратында кіру режимін ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін Агенттіктің құқықтық актісіне сәйкес өтініш берушілердің Агенттіктің ғимаратына кіруін қамтамасыз етеді.

 

3. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудан келіп түскен өтініштерді есепке алу, тіркеу және қарау

 

24. Жеке қабылдау нәтижелері электрондық құжат айналымы жүйесінде «жеке қабылдауда» белгісін қоя отырып электрондық тіркеу бақылау карточкасын (бұдан әрі – ЭТБК) тіркеу арқылы көрсетіледі.

25. ЭТБК-да тиісті деректемелер толтырылады, құжаттар файлдары (бар болса) қоса беріледі және өтініш алушы алған ауызша жауаптың тиісті жазбасы қойылады.

26. Өтініш беруші жеке қабылдаудан кейін өз өтінішін жазбаша нысанда ресімдеген жағдайда, уәкілетті бөлімше (филиалдарда – жауапты бөлімше) жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу үшін белгіленген тәртіппен оны электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады.

27. Өтініштерді есепке алуды және жеке қабылдаудан келіп түскен өтініштерді қарау мерзімдерін бақылауды Агенттіктің уәкілетті бөлімшесі жүзеге асырады.

28. Өтінішке лауазымды тұлға қабылдау кезінде рұқсат бермеген жағдайда, ол жазбаша нысанда жазылып, онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі.

29. Жеке қабылдаудан келіп түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дәлелді жазбаша жауап беріледі.

30. Өтініш берушіге қол қойылған дәлелді жауап жеке қабылдаудан келіп түскен жазбаша өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.

Лауазымды тұлғаның өтініш берушіге жеке қабылдауда ұсынылған түсініктемесі ауызша өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.

31. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге тәртібі көзделмесе, жеке қабылдау кезінде берілген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс:
Анықтама қызметінің телефоны: +7 (727) 237 1000
e-mail: press@finreg.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020