Құрметті пайдаланушылар, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайты
www.gov.kz
мекенжайы бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына өтті.
link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Банк секторы Сақтандыру секторы Бағалы қағаздар нарығы Өзге қаржы ұйымдары Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Пруденциалық реттеу Талдама
link
link
link link
Агенттік жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Мемлекеттік қызметтер
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

ТМД қатысушы-мемлекеттерінің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік орган басшыларының кеңесі

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік орган басшыларының кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін  үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ТМД үкіметтері Басшыларының кеңесімен 2003 жылғы 18 қыркүйекте құрылды.

Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды,  ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің және Үкіметтері басшыларының кеңесінің шешімдерін, ТМД Экономикалық кеңесінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

Кеңес өз қызметін ТМД-ның Атқару комитетімен өзара тығыз  әрекеттесе отырып, жүзеге асырады.

Кеңес қызметінің міндеттері:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық интеграциясын бағалы қағаздар нарығы саласында тереңдету;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздарының тиімді және транспарентті нарықтарын құруды қамтамасыз ететін реттеудің халықаралық стандарттарын белгілеу бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
  • ТМД шеңберінде капитал қозғалысын одан әрі ырықтандыру үшін жағдай жасау;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында инвесторлардың  құқықтары мен заңды мүдделерін кепілді және тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында бақылаудың тиімді жүйесін жасау.

Кеңестің негізгі бағыттары:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағында құрылған эмитенттердің акциялары, облигациялары және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздарын эмиссиялар стандарттары мен рәсімдерін жетілдіру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында құрылған эмитенттердің бағалы қағаздарына ТМД-ға қатысушы басқа мемлекеттердің қор биржаларында орналастыруға және айналысқа рұқсат беруге жәрдем ету;
  • бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және ұжымдық инвестициялар институттарының қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттарын әзірлеу;
  •  қор биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және ұжымдық инвестициялар институттарына лицензиялық талаптарды және олардың мамандарына  қойылатын біліктілік талаптарын жақындату;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасауға бірыңғай талаптарды әзірлеу;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарында ақпарат ашудың  бірыңғай талаптарын әзірлеу;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бағалы қағаздар нарықтарын реттеу жөніндегі мемлекеттік органдар арасында, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық бағалы қағаздар нарықтарын реттеудің тәжірибесі туралы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарықтарын реттеудің әлемдік тәжірибесі туралы ақпарат алмасудың тиімді жүйесін құру;
  • бағалы қағаздар нарығындағы қызметін реттеудің және бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру.

  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс:
Анықтама қызметінің телефоны: +7 (727) 237 1000
e-mail: press@finreg.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020