Құрметті пайдаланушылар, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайты
www.gov.kz
мекенжайы бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына өтті.
link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Банк секторы Сақтандыру секторы Бағалы қағаздар нарығы Өзге қаржы ұйымдары Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Пруденциалық реттеу Талдама
link
link
link link
Агенттік жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Мемлекеттік қызметтер
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау тәртібі

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде

өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге

 шағым жасау тәртібі

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес  лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне не Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лауазымды тұлғасына өтініштерді қарау нәтижелері бойынша шағымдар мынадай мекенжай бойынша жазбаша түрде, почтамен жіберілген немесе тікелей өтініш беруші берген күйінде қабылданады: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй.

Өтініш беруші тікелей беретін шағымды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ұйымдастыру жұмысы және бақылау бөлімшесінің қызметкері қабылдайды, телефоны: 8 (727) 2-619-200.

Өтініш күні мен уақыты, оны қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон өтініш берушіден шағымды қабылдауды растайтын құжат болып табылады.

Шағымда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлімшесінің атауы, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Жеке немесе заңды тұлғадан қабылданған шағым тиісінше жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі.

Шағым іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлғаларға қарау үшін жіберілмейді.

Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

Шағымды жазбаша түрде бергеннен басқа жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығына шағыммен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығы жеке қабылдаған кезде өтініш жасауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының жеке қабылдауы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының үйінде өтініш берушілерге қол жетімді орында мына мекенжай бойынша орналастырылады: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестелері  сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен дамыту агенттігінің www.finreg.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Егер шағымды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығы жеке қабылдауы кезінде қанағаттандыра алмаса, өтініш беруші шағымды жазбаша түрде ұсынады және онымен жазбаша өтініш сияқты жұмыс жүргізіледі.

Шағымдарды тіркеу және есепке алу уәкілетті бөлімшенің басшысы: Мұстафин Мұрат Өмірбекұлы

Телефоны: 8 (727) 2-619-200

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өңірлік өкілдер басқармаларының мекенжайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өңірлік өкілдер басқармаларының мен байланыс телефондары

 р/с 

Филиалдың аты

Мекенжайы

Телефон

1.

Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 21-үй

8 (717) 2703333 қабылдау бөлмесі 

2.

Көкшетау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

020000, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 214

8 (7162) 551806  қабылдау бөлмесі

3.

Ақтөбе қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

030000, Ақтөбе қаласы, Асау Барақ көшесі, 45 

8 (7132) 703916 қабылдау бөлмесі

4.

Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 98

8 (727) 3302967 қабылдау бөлмесі

5.

Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

040008, Талдықорған қаласы,  М. Төлебаев көшесі, 58/64

8 (7282) 559505 қабылдау бөлмесі

6.

Атырау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

060002, Атырау қаласы,  Уәлиханов көшесі, 2а

8 (7122) 556517 қабылдау бөлмесі

7.

Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

070004, Өскемен қаласы,  Қазақстан көшесі, 3

8 (7232) 560671

қабылдау бөлмесі

8.

Тараз қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

080000, Тараз қаласы,  Қазыбек-би көшесі, 137

8 (7262) 999350 қабылдау бөлмесі

9.

Орал қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

090000, Орал қаласы, Досмухамедов көшесі, 16/1

8 (7112) 509328 қабылдау бөлмесі

10.

Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

100000, Қарағанды қаласы,  Бұхар жырау көшесі, 19

8 (7212) 559335 қабылдау бөлмесі

11.

Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

110000, Қостанай қаласы. Баймағамбетов көшесі, 195

8 (7142) 990919 қабылдау бөлмесі

12.

Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

120015, Қызылорда қаласы, Б.Асқар көшесі, 30

8 (7242) 551520 қабылдау бөлмесі

13.

Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

130000, Ақтау қаласы, 23-шағын аудан

8 (7292) 701508 қабылдау бөлмесі

14.

Павлодар қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

140000, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 44 үй

8 (7182) 704440

8 (7182) 704422 қабылдау бөлмесі

15.

Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 6

8 (7152) 551535 қабылдау бөлмесі

16.

Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

160012, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2

8 (7252) 997922

8 (7252) 997923 қабылдау бөлмесі

17.

Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы

161200, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 371

8 (72533) 59965 қабылдау бөлмесі

 


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс:
Анықтама қызметінің телефоны: +7 (727) 237 1000
e-mail: press@finreg.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020