Құрметті пайдаланушылар, 2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайты
www.gov.kz
мекенжайы бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына өтті.
Размер шрифта :
A
A
A
Цвета :
Ц
Ц
Ц
Ц
link
ҚАЗ РУС ENG Обычная версия
Банк секторы Сақтандыру секторы Бағалы қағаздар нарығы Өзге қаржы ұйымдары Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Пруденциалық реттеу Талдама
link
link
link link
Агенттік жайлы
Нормативтік құқықтық база
Басылымдар
Мемлекеттік қызметтер
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жұмыс істейді.

Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес ҚРҰБ құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры ретінде айқындалды.

Агенттіктің міндеттері:

1) қаржы нарығын реттеу және дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;

2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мониторингтеу;

3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырайтын салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың, қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы тұтынушылар үшін ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық пен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру;

5) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

Сонымен бірге Агенттік қаржы нарығындағы заңсыз қызметті болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Қаржы реттеушісі қаржы ұйымдарына және өзге де ұйымдарға оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, санкцияларды және Қазақстанның заңдарында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқылы.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына сәйкес қадағалау органы функцияларының бірі Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ осы бағдарламалар шеңберінде банктер қабылдаған міндеттемелердің орындалуын бақылау болып табылады.

Сонымен бірге Агенттік борышкерлердің құқықтарын және мүдделерін коллекторлық агенттіктер тарапынан заңсыз әрекеттерінен қорғауға, коллекторлық қызметтің ашықтығын арттыруға, берешекті өндіріп алу тиімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруда.

Бұдан басқа, Агенттіктің құзыретіне қаржылық қызметтерді, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын және халық үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар кіреді.

Агенттіктің деректемелері:

А15С9Т5, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы, 21-үй

Телефоны: +7 727 2619 200

Факс: +7 727 2440 282

 

E-mail: info@finreg.kz

 


  

Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21 үй
Факс:
Анықтама қызметінің телефоны: +7 (727) 237 1000
e-mail: press@finreg.kz

Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020